Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентінде орналасқан №287 референдум учаскесіне барып дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
– Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін ерекше маңызға ие науқанды ұйымшылдықпен атқаруымыз керек. Сондықтан бұл референдумда әрбір аудан азаматының келіп, дауыс беруі маңызды, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, ауданда 40 референдум учаскесі бар.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<