Аудан әкімі орталық стадиондағы қайта жөндеу жұмыстарымен танысты

197

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық стадионға барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты.

Стадионды аралау барысында аудан әкімі ескірген орындықтар мен алаңдағы жабдықтарды заманауи үлгіде ауыстыру және жалпы инфрақұрылымды жаңарту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, құрылыс сапасын назарда ұстауды, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бүгінгі күні стадионда қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жасыл алаң ҚФФ «ALAN” жобасы аясында қайта жабдықталады. Бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы құны – 180 млн теңге.