Аудан әкімі партия алаңында жеке қабылдау өткізді

130

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалында кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты өтініштерін білдірді.

Аудан әкімі әрбір азаматтың көтерген мәселесін мұқият тыңдап, кейбір сауалдар сол сәтте жауапты сала басшыларының қатысуымен талқыланды. Ал жекелеген өтініштер тиісті мекемелерге жолданып, заң шеңберінде шешу жолдары қаралатыны айтылды.

Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындар өтініштерінің назардан тыс қалмайтынын және олардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі