Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың ауылдық округтердегі халық алдындағы есепті кездесулері Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округінде өтті. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Қаракеткен ауылдық округінде өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында екі жоба жүзеге асты. Ауыл ішілік көшелердегі жарықшамдар заманауи светодиодты шамдармен алмастырылып, елді мекенге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды.
362,4 млн теңгеге жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.
518,3 млн теңгеге Қаракеткен және Далдабай елді мекендерінің Есіркепов, Иіркөл, Өмірзақов, К.Маркс, Дружба, Жалтынов-1, Жалтынов-2, Жалтынов-3, Кәрібаев, Тәуелсіздік, Есіркепов-1 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бұдан бөлек, 639,1 млн теңгеге 150 орындық ауылдық клуб құрылысының, сондай-ақ 94,1 млн теңгеге елді мекен кіреберіс автомобиль жолын жарықтандыруға арналған ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданды.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында М.Шәменов ауылының кіреберіс және Бұқарбай батыр көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар Қ.Алмасов көшесіндегі жасыл желектерге арналған қоршау орнатылды.
Жалпы құны 90,2 млн теңгеге ауылға кіреберістен сол және оң жақ көшелердің құрылысы, сондай-ақ 169,9 млн теңгеге Ә.Тәшімбетов көшесін жаңғырту жобаларының құжаттары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылып, бюджеттік өтінім жолданды.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде М.Шәменов ауылының Жамбыл және Б.Ердүзелова көшелеріне жалпы құны 69 млн 34 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды.
Бұдан бөлек, елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілері) жаңғыртуға облыстың бюджеттік кредиттері есебінен 340,5 млн теңге бөлінді. Жақын күндері мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланатын болады.
Кездесулер барысында аудан әкімі тұрғындармен еркін форматта пікір алмасып, алдағы жоспарлар мен атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






