Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қарақұм беткейдегі Шәкен ауылына барып, елді мекен тұрғындарымен кездесті.
Халықпен кездесу барысында аудан басшысы алдымен жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.
Басқосуда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзілхан Үмбетов ақсақал ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Шәкен ауылына сапар кезінде аудан әкімі №134 мектепті және мектеп жанындағы интернатты аралап, ондағы сыныптардың жабдықталуын, жатын орын, оқу кабинеттерін көріп мектеп директорына білім ошағының ішкі және сыртқы санитарлық тазалығын сақтауды тапсырды. Сонымен қатар ауыл орталығындағы дәрігерлік амбулатория, әкімшілік ғимараты, шағын орталық пен орталық мешіттің де жай-күйін көрді.
Мұнан кейін аудан басшысы Шәкен ауылдық округіне қарасты Шилі елді мекеніне жол тартты. Ауылдағы №259 негізгі мектеп ғимарытында тұрғындармен кездескен аудан басшысы ел ішіндегі жұмыстарға тоқталып болған соң, елді-мекендегі дәрігерлік пункттің де жұмысымен танысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<