Аудан әкімі Қарақұм беткейіндегі халықпен кездесті

911

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев шалғайдағы Шәкен ауылының тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде Мұхтар Әуесұлы алдымен ауданда атқарылған игілікті істерді тілге тиек етіп, алдағы жоспарымен бөлісті.

Аудан әкімі Қарақұм беткейіндегі халықпен кездесті

Еркін форматта өткен кездесуде негізінен халықтың ой-пікірлерін, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдауға маңыз берілді.

Басқосуда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзілхан Үмбетов халықтың айтылған ұсыныс-пікірлері ескеріліп келе жатқанын атап өтті.

Елді мекендегі №134 мектеп директорлығы мен ауылдық округ әкімі аппаратының бос тұрған лауазымдарына жергілікті жердің азаматтары тағайындалғанын қуанышпен жеткізді.

Сондай-ақ, Шәкен ауылына ауыз су көршілес Арал ауданының Тоқабай елді мекенінен тартылайын деп жатырғанын да тілге тиек етті.

Енді Қарақұм беткейіндегі шалғай ауылда орналасқан шәкендіктерді аудан орталығына қатынайтын жол мәселесі алаңдататындығын айтты. Осыған орай Арал ауданының Ақбай елді мекенінен Шәкенге дейінгі 66 шақырым жолды асфальттап беруді сұрады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шалғайдағы Шәкен ауылына сапары кезінде елді мекеннен салынып жатқан спорт алаңының құрылысын көрді. Құрылыс басында Шәкен ауылдық округінің әкімі Тимур Кималовқа спорт алаңы сапалы және мерзімінде пайдалануға берілу керектігін тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<