Аудан әкімі қаратереңдіктермен жүздесті

55

0

Фото: Арал ауданы

Қаратерең бүгінде қаймағы бұзылмаған берекелі ауылдардың бірі. Ата кәсіп алға жылжып, ауыл ажары айшықталып келе жатқанын Сырдағы ағайын жақсы біледі.

Айталық, ауыл сыртында өз қаражаты есебінен 40 гектар жерге балық өсіру тоғанын салып жатқан кәсіпкер Ә.Жаңайбеков осы шаруаны ауылдың игілігі үшін дөңгелетпек ниетте.

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев елге жасалған сапарында ең алдымен осы жұмыстың беталысымен танысты. Бүгінде кәспкер 450 метрден су ұңғымасын қазып, жерасты суы арқылы балық түрлерін өсіруді қолға алмақшы.

Аудан басшысы мұндағы жұмыстарды көріп, кәсіпкердің барлық бастамаларына лайықты қолдау болатынын жеткізді.

Мұнан соң ауылдағы №82 орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауданда қолға алынып жатқан бірқатар жұмыстар легін баяндап өтті.

Кездесу барысында ел тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, көтерілген мәселелердің барлығын назарға алды. Ауыл тұрғындары жол мен жайылымдық жер тапшылығын және қоқыс полигонын реттеу, ондағы санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты бірқатар мәселелер көтерді. Аудан басшысы кейбір сұрақтарға заңдылығына сай жауап беріп, мүмкіндікке қарай тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Артынша жеке қабылдау өткізіп, ауыл азаматтарының өтініштеріне құлақ түрді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<