Сурет: Шиелі ауданы әкімдігі
Бүгін Ұлттық валюта күніне орай өткен іс-шарада аудан әкімі Нұржан Ахатов жиналғандарды төл теңгенің 30 жылдығымен және қаржыгерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, аудан дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Іс-шарада қаржы және экономика салаларында еңбек еткен азаматтар Шиелі ауданының ең жоғары наградасы – Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты кеште жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.
Айта кетейік, қаржы саласы майталмандарының қажырлы еңбегінің арқасында ауданымызда көптеген игі бастамалар іске асуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады деп сенеміз.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<