Аудан әкімі «Құндызды жер» серіктестігінің еңбеккерлерімен кездесті

311

0

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин ауылындағы «Құндызды Жер» ЖШС-не барып, еңбеккерлермен кездесті. Аудан басшысы бүгінгі қызу еңбек науқанында тынымсыз жұмыс істеп жүрген шаруалар еңбегі елеулі екенін атап өтті.

– Қазір егінді күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аптап ыстыққа қарамастан ел ризығын асыру үшін диқандар тынымсыз еңбек етіп жүр. «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» деген халық нақылы осындай еңбекқор жандарға арнап айтылғаны белгілі. Сондықтан ел несібесін арттырудағы жұмыстарыңыз елеулі. Енді жуық арада егін жинау науқаны басталады. Бұл науқанда іргелі серіктестік қамбаны астыққа толтырып, ел ризығын арттырады деген сенімдемін. Еңбектеріңізге береке берсін, – аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Шаруашылықта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде «Құндызды Жер» ЖШС-нің төрағасы Бөлеген Рахмет таныстырды. Бүгінде серіктестікте 70 адам жұмыс істейді. Биыл шаруашылық 690 гектар жерге Сырдың басты дақылын егіп, бап-күтімін жасауда. Сонымен қатар 50 гектер ескі жоңышқаны күтімге алған.

Б.Рахмет егін жинау науқанына дайындық жұмыстары жүргізіліп, соған сай жаңа техникалар алынғанын жеткізді. Және де серіктестік жұмысын әртараптандыру бағытында да айтулы жұмыстар бар екенін атап көрсетті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<