Аудан әкімі: «Құрылыс қарықынын жеделдету қажет»

281

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Құмжиек ауылдық округіне арнайы барып, Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда білім ошағының сырты қапталып жатыр. Одан бөлек, электр желілерін жаңарту, ішкі қабырғаларын сырлау сынды жұмыстар қарқынды жүруде.

Нысанның жай-күйімен танысқан аудан басшысы жаңа оқу жылының жақындап келе жатқанын айтып, мердігер мекеме – «ГрадСтройСервис» ЖШС қызметкерлеріне құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, сапасын да естен шығармау керек екенін еске салды.

Аудан әкімі: "Құрылыс қарықынын жеделдету қажет"

Сол тұста аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа жұмыстың күндіз-түні қатаң бақылауда болуын тапсырды.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Әйтеке би кентіндегі 5 қабатты үйлерге аялдап, тұрғын үйлердің жаяу жүргіншілер жолына асфальтты тротуар жүргізу жұмыстарын көрді.

Тұрғындармен кездескен аудан басшысы ауладағы қоршаулардың да сырланатынын айтты.

– Көпқабатты тұрғын үйлердегі балғындар кешкілік ойын алаңына шығатыны белгілі. Сондықтан темір қоршауларды сырлап, балалар ойнайтын құрал-жабдықтардың бұзылған жерлері де қалыпқа келтірілуі қажет, – деген аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<