Аудан әкімі шағандық күрішшілермен кездесті

325

0

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандағы іргелі ауыл Шағандағы «Шаған Жер» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Шағандағы еңбекқор шаруалардың күріш егудегі тәжірибесі мол және ел қамбасына ақ күрішті құюдағы еңбектері ерекше екенін аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы атап өтті.

Шаруалар қазіргі таңда күрішке қажетті суды жеткізудегі ел азаматтарының жұмысына алғыс айтып, облыс басшылығымен су насостарына қолдау білдіру де шарушылық жұмысына үлкен қолдау болғанын жеткізуде.

Аудан басшысы шаруалардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан экономикасына қосып отырған сүбелі үлестеріне қолдау алғыс білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<