Аудан әкімі шалғай ауылдардағы тұрғындармен кездесті

245

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығынан шалғайда орналасқан Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Жергілікті тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың жайын баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Биыл Т.Көмекбаев ауылындағы өзекті мәселелердің бірі электр желілерін қайта жаңғырту үшін 186,2 млн теңге қаржы бөлінді. Қазір қажетті жабдықтар алынып, жұмыс басталды. Ауылдың бір көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қос елді мекенде балалар және спорттық ойын алаңдары салынуда. Қуаңдария ауылында тұрғындардың көптен күткен қуанышы жаңа фельдшерлік-акушерлік бекеттің құрылысы басталады.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Т.Көмекбаев ауылында 13 гектар, Қуаңдария ауылында 25 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 84 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 10 гектар картоп, 7 гектар көкөніс, 21 гектар бақша дақылдары егілді.

Жиын соңында аудан әкімі шалғай елді мекендерді дамыту ісі ерекше назарда болатынын айтып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын және барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<