Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Бекарыстан би және Майдакөл ауылдарына барып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешені мен 100 орындық ауылдық клуб құрылысын көрді.
Қазіргі таңда қос нысанда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл жобалар — елді мекендердің әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттырып, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне және шығармашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Спорт кешенінің құрылысымен мердігер мекеме «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі, ал, Майдакөл ауылындағы ауылдық клуб құрылысымен «Намыс-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда.
Аудан басшысы тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің басшысына нысандардың құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Екі нысанныңда құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында толықтай аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарланып отыр.






