Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде салынып жатқан теміржол вокзалының жаңа ғимаратына барып, құрылыс барысын көрді.
Сондай-ақ, жұмыс сапасын бақылауда ұстап, тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын жеделдету және аумақты көркейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мұнда перронды жаңарту, жарық жүйесін орнату және аумақты көгалдандыру мәселелері де қарастырылған.
Ардақ Ибраимов нысанның уақытылы пайдалануға берілуі қажет екенін ескертіп, жобаның жүзеге асуы ауданның көлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Айта кетейік, аудан аумағындағы темір жолдың ұзындығы 47 шақырымды құрайды. Жалағаш станциясы арқылы «Алматы-1 – Ақтөбе», «Ақтөбе – Алматы-1», «Алматы-2 – Маңғыстау», «Маңғыстау – Алматы-2», «Қызылорда – Павлодар», «Павлодар – Қызылорда» жолаушылар пойызы өтеді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






