Аудан әкімі төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысымен танысты

4

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық-техникалық базасымен және қызметтік жұмысымен жан-жақты танысты. Кездесу барысында азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар, бөлімнің күнделікті қызметі мен негізгі міндеттері туралы бөлім бастығы Т.Еркебаев баяндады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өрт оқиғалары, жер сілкінісі, техногендік апаттар мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, алғашқы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Бөлім қызметі аудан аумағын толық қамти отырып, елді мекендер мен шалғай ауылдарға дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған.

Қазіргі таңда бөлімде 40 қызметкер жұмыс істейді. Мекеме 3 бірлік техникамен және барлық керекті құрал-жабдықтармен, 2 бірлік қосалқы автокөлік және 1 үрлемелі қайықпен қамтылған.

Аудан басшысы елді мекендерде төтенше жағдайларды болдырмау бағытында нақты шараларды жүзеге асыру керектігін атап, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан аумағындағы Аманкелді, Шіркейлі, Шаған және Ақжарма ауылдарында өрт сөндіру бөлімшелері ашылып, елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл бөлімшелер шалғай ауылдарда төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі