Аудан әкімі төтенше жағдайлар мен ветеринариялық қызметтердің жұмысымен танысты

8

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметімен танысты.

Алдымен аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне барып, бөлімнің материалдық-техникалық базасын, қызметкерлердің жұмыс жағдайын және жедел әрекет ету мүмкіндіктерін бақылап көрді. Жыл басынан бері өртке қатысты 1 шақырту тіркелген.

Қазіргі таңда бөлімде барлығы 39 қызметкер еңбек етеді, оның 35-і өрт сөндіру қызметкерлері. Өрт сөндіруге арналған 3 арнайы техника бар.

Бұдан кейін аудан әкімі аудандық ветеринариялық станциясының жұмысымен танысты. Мұнда мал ауруларының алдын алу, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізу бағытындағы жұмыстар атқарылуда. Екпе жұмыстарын жүргізуге қажетті ветеринар мамандар жеткілікті.

Аудан әкімі сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, алдын алу шараларына ерекше мән беру керектігін атап өтті.

«Ауданда мал ауруларының, кене және басқа да жұқпалы, вирустық аурулардың алдын алып, шұғыл әрекет ету қажет. Бұл бағытта ешқандай мәселе болмауы тиіс», – деді Ардақ Ибраимов.

Аудан әкімі сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, жауапты сала басшыларына тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы шараларды одан әрі жандандыруды тапсырды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі