Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Олар қозғаған мәселелердің қатарында қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жандандыру арқылы азаматтарға түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарын жүргізу, тұрғын үй алу, және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелері бар.
Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала мамандары әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің шешілу жолдарын білді.
Аудан басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Арал ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<