Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарына кезектілікке сәйкес жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй салу мақсатында жер алу және баспана мәселелері қаралды.
Қабылдау барысында көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<