Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

129

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдауда ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізген тұрғындардың сауалдары назарға алынып, заң аясында шешілу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі