Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

179

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Қабылдауға жазылған азаматтар онлайн және жүзбе-жүз тілдесіп, өздерін толғандырған ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан жұмыссыздық және тұрғын үй алу сынды мәселелер көтерілді. Сондай-ақ елге ортақ жұмыстар да қабылдауға келген азаматтар тарапынан көтерілді. Мысалы, Шижаға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сматуллаев ауылға газ желісін тарту мәселесін көтерді. Аудан басшысы бұл мәселе алдағы уақытта назардан тыс қалмайтындығын айтты.

Аудан басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды. Келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды, көтерген мәселесінің шешілу жолдарын білді.

Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<