Аудан әкімі үздік оқушылармен кездесті

359

0

Фото: Қармақшы ауданы

Кеше Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектепте аудан әкімі Жандос Еркінбек үздік оқушылармен кездесіп, олармен еркін форматта әңгімелесті.

Аудан әкімі жас өрендерге артылар сенімнің зор екендігін айта келе, өзінің жастық шағындағы естеліктер мен еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты.

Сонымен қатар, жастарға – өмірде өз орнын таба білуді, мамандық таңдауда қателеспеуді, тура жолға түсіп, жақсы тұлға болып қалыптасуларына тілектестігін білдірді.

Кездесу соңында оқуда озат болып, білім додаларында биік белестерді бағындырып жүрген оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Қармақшы ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<