Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық полиция бөліміне барып, Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов орталық жұмысын көрді.
ҚР Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігінің сәуір айындағы алқа кеңесінде бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қалалық және аудандық полиция бөліністерінде кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру тапсырылған болатын. Осыған байланысты аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірдің 7 аудандық полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын құруға қажетті қаражат бөлінді.
Аудандағы Жедел басқару орталығында ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 72 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы қамтылған. Барлық камера «ЖБО 2.0» бағдарламасы арқылы бақыланып, жыл басынан бастап пилоттық режимде жұмыс істеуде.
Орталық жұмысын аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қасымхан Асанұлы таныстырып, бүгінде қоғамдық қауіпсіздікті, жол ережесін бұзған тұрғындар бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын жеткізді.
Аудан басшысы орталықтың басты мақсаты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, қоғамдық тынышытықты сақтауда нәтижелі жұмыстар атқарылу керектігін тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<