Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

118

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі қабылдау барысында тұрғындармен ашық әңгімелесіп, олардың мәселесін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі