Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған оқушылар қатысып, аудан әкімімен бірге жаңа жылдық шыршаның шамын жақты.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын атап өтті.
Жаңа жылды қарсы алу – жаңа армандармен қауышу. Сондықтан келер жылы алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, ата-аналарыңызды қуантып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар.
Баршаңызға жаңа жылан жылында бақыт, денсаулық, үздік оқу тілеймін. Жаңа шыңдардан көрініп, ауданымыздың даңқын көтере беріңіздер, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, шара барысында Айтбай Жандарбеков оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етті.
Мұнан соң жаңа жылдың кейіпкерлері аяз ата мен ақшақарды қарсы алған құлыншақтар ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салып, аяз атаның сыйлықтарына ие болды.
Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.
Шиелі ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<