Кеше Наурызнама онкүндігі аясында аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Шараға аудандық мәслихат депутаттары, батыр аналар, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысып, ұлттық нақыштағы киімдермен сәнденіп, дәстүрлі аспаптарды дәріптеді. Шеру барысында жанды дауыста ән шырқалып, ұлттық өнердің көрінісі кеңінен насихатталды.
Қатысушылар Жалағаш кентіндегі Әйтеке би көшесінен бастап, Желтоқсан және А.Істелеуова көшелерімен жүріп өтіп, аудандық спорт кешенінде ұйымдастырылған спорттық шараларды тамашалады.
Мерекелік шеру ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұлықтауға бағытталған маңызды бастама болды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






