Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

152

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, ішкі істер органы мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәрібінде 5 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маратжан Жұмаділ «Аудандық бюджеттің игерімі және және салық түсімдері» туралы хабарлама жасады.

Аудан басшысы Республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың сапалы әрі мерзімінде 100 пайызға игерілуін қамтамасыз етуді және он айдың қорытындысымен салық түсімдерінің 100 пайызының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәжілістің келесі мәселесі «Кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша» аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жомарт Ақбергенов баяндады.

Аудан басшысы А.Жандарбеков 2024 жыл қорытындысымен бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша жүргізілетін рейтингтің бағалау көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді және барлық станцияларда сұйытылған газдың еркін сатылуына қатаң бақылау жасап, қолдан тапшылықты болдырмау бағытында тиісті шараларды қабылдауды қатаң түрде тапсырды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Ауыл аманаты бағдарламасының орындалуы» туралы баяндама жасаған аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбековке де аудан басшысы «Ауыл аманаты бағдарламасы» аясында несие алушылар бойынша толыққанды талдау және мониторинг жұмыстарын ұйымдастыруды және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алған кәсіпкерлердің салықтық берешегі бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Төртінші мәселе бойынша «Отбасылық цифрлық картасы жөнінде» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов хабарлама жасап, аудан әкімі Цифрлық картадағы дағдарыс және мүшкіл жағдайдағы отбасыларды неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру мақсатында әр отбасымен адрестік жұмыс жүргізу алгоритмін бақылауда ұстауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысы туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Руслан Шарипбаев хабарлама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі күн тәртібінде айтылған негізгі мәселелер бойынша тиісті сала орынбасарларына, мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<