Сырдария ауданында жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Балалардың қуанышына аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– «Бұл күні әр баланың арманы мен тілектері орындалып, әр бала мереке қуанышына бөленуі тиіс. Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын» – деп аудан әкімінің орынбасары мерекелік лебізін білдірді.
Сондай-ақ, Димаш Серікбайұлы бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар табыстап, думанның қызықты өтуіне бірге атсалысты. Оқушылар аудан әкімінің орынбасары, білім бөлімінің басшысымен бірге түрлі ойыншықтар мен шамдар ілінген шыршаны айнала жүріп, мереке көркін қыздырды.
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<