Аудан аналары Сыр төрінде

600

0

Өмірі мен еңбегі өнегелі әйел-аналарды ардақтау мақсатында Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында «Ұлықты әйел -ұлт ұйытқысы» атты аймақ әйелдерінің қатысуымен ашық есік күні өтуде.

Кеше орталықта өткен ашық есік күніне Қазалы ауданының әйел-аналарынан құралған делегация қатысты.

Тағылымға толы шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, нәзік жандылардан құралған делегацияның жұмысына сәттілік тіледі.

Аудан аналары Сыр төрінде

Делегацияны аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова бастап барды.

Рухани құндылықтарға толы шара барысында Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, «Өнеге» әжелер ансамблі ән мен жырдан шашу шашып, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұнан бөлек аудан аналары ұлттық тағам түрлерінен ас мәзірін дайындап, келген қонақтарға концерттік бағдарламаларын да ұсынды.

Сонымен қатар «Мирас» әжелер клубы, «Бойтұмар» және «Жас отау» қыздар клубтары қазақтың салт дәстүрі мен ұлттық құндылықтары жайында ой қозғап, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Тағылымды шара соңында нәзік жандылар қауымы Сыр аналарының басын қосып жас ұрпақ үшін тағылымға толы шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа өз ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, алдағы уақытта руханиятқа толы «Анаға тағзым» орталығында дәл осындай ашық есік күні басқа аудандардың әйел-аналарының қатысуымен жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<