Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов аудандық «Иманқұл» мешітінде кент және ауыл имамдарымен кездесті.
Дін қызметкерлері жергілікті атқарушы орган басшыларына өзекті сауалдарын қойып, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
Жиында Ғ.Сүлейменов бүгінгі кездесудің маңыздылығына тоқталып, бірқатар мәселелерге тоқталды.
Ең алдымен мешіттердің құжаттарын заңға сәйкес қайта әзірлеп, әділет органына және муфтиятқа тіркету, ысырапшылдықтың алдын алу, басы артық шығындарды тоқтату, жаназа, ас құдайы дастархандарын арнайы бекітілген мәзір бойынша дайындау.
Бұл жұмыстарды атқаруға ардагерлермен ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттап, түсінік жұмыстарын жүргізу, әр ауылда жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында мешіттерде дәріс алатын шәкірттер арасында түрлі сайыстар өткізу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімі






