Бүгінгі таңда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан мекеме-кәсіпорындардың қолдауымен аудан орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің сырты әрленіп, ауласына тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Игілікті істің нәтижесінде тұрғын үйлердің сыртқы келбеті әрленіп, кент көркін одан әрі айшықтай түсті.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралау барысында В.Счастнов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлерге арнайы барып, атқарылған жұмыстарды көрді.
Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров мекеме-кәсіпорындар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аудан орталығындағы В.Счастнов, Желтоқсан көшелері мен «Мелиоратор» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ұйымшылдықпен әктеп жатқанын жеткізді.
Көпшілік іске ұйымшылдықпен атсалысқан ұжымдарға аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<