«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда кең көлемде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық акциясына мекеме қызметкерлерімен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, жеке кәсіпкерлер, ерікті жастар мен көше тұрғындары белсенді атсалысты.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов акция аясында ұйымдастырылған жұмыстарды бақылап, жауапты сала басшыларына санитарлық тазалау жұмыстарын тиімді жүргізуді, жасыл желектерді күтіп ұстауды, уақытылы аяқсу берілуін тапсырды. Сондай-ақ, ортақ іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Акция кезінде кенттің негізгі көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, көше бойындағы ағаштар әктелді. Сонымен қатар, қоршаулар сырланып, аялдамалар сүртілді.
Шабылған жабайы шөптер мен жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстары бүгін Жалағаш кентімен қатар барлық ауылдық округтерде де өтуде.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






