Типтік үлгідегі жаңа аурухана, жаңа емхана аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Аламесек ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне пайдалануға берілген болатын.
Биылғы жылы да ұлттық жоба аясында Қаракеткен ауылында жалпы құны 388,7 млн. теңгені құрайтын типтік жобадағы жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің қолдауымен аудандағы денсаулық сақтау саласы биыл 11 жедел-жәрдем автокөлігімен толықты.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<