Ауданда футболды дамыту мәселелері талқыланды

5

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімдігінде футбол спортын дамыту мәселелерін жан-жақты талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, облыстық футбол федерациясының президенті Болат Көшербаев, облыстық футбол федерациясының атқарушы директоры Жақсылық Оспанов, сондай-ақ сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында аудандағы футбол спортының қазіргі жай-күйі мен оны дамыту бағыттары қарастырылды. Жиында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Жайдарбай Есенов баяндама жасап, аудандағы футбол инфрақұрылымы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту, спорттық жарыстарды ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында ауылдық жерлерде футбол спортын дамытуда облыстық футбол федерациясының рөлі ерекше екені атап өтілді. Федерация саланың негізгі үйлестіруші әрі бағыт беруші құрылымы ретінде өңірдегі футболдың дамуына ықпал етіп келеді.

Жиын қорытындысында футбол спортын дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта осы саладағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Жалағаш ауданы әкімдігі