Ауданда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

417

0

Фото: Жалағаш ауданы

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған акцияға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, мекеме басшылары мен білікті заңгерлер қатысып, аудан тұрғындарына қойған сауалдары бойынша тегін құқықтық кеңес берді.

Аталған науқан шеңберінде барлығы 100-ден аса азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан және заң консультанттарынан тегін құқықтық көмек алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<