Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің орындалу мәселелері қаралды.
Жыл басынан бері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде оң серпін байқалып отыр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және инвестиция салаларында өсім қалыптасып, жоспар межелері орындалған.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жыл соңына дейін жоспарланған межелердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, ауданда жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығына тоқталып, сала басшыларына және кент, ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігі қатаң тапсырылды.






