Аудит қорытындысы: 2025 жылы 85 аудиторлық іс-шара жүргізілді

6

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылы 85 аудиторлық іс-шара жүргізіп, оның 78 – нен қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бұл – тексерілген материалдардың 91,8 пайызы құрап отыр. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты департамент тарапынан 84 нұсқама жолданып, білім беру, құрылыс, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.

– Аудит материалдары, прокуратура органдарының ұсынымдары және тексеру комиссиясының деректері негізінде 189 лауазымды тұлғаға қатысты 455 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын ұрлау және артық аудару белгілері бар 10 аудит материалы Қызылорда облысының прокуратурасына жолданды. Нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша 6 қылмыстық іс қозғалып, тергеу аяқталған соң істер сот қарауына жіберілген. Сонымен қатар департамент онлайн бюджеттік мониторинг жүргізу арқылы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы төлемдерді бақылауда ұстауда. 11 тәуекел бейіні бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде 482 күмәнді төлем анықталып, бюджетке және ұйымдарға тиісті қаржы қайтарылған. Департамент өкілдері мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор басшыларын қаржы-шаруашылық қызмет пен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заң талаптарына сай жүргізуге шақырып, бюджет қаржысының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жалғаса береді, – деді Ербол Қабаштайұлы.