Ауғанстандағы су тасқыны, көшкін және нөсер жауын салдарынан соңғы 24 сағат ішінде 17 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды.
Ауғанстанның Ұлттық апаттарды басқару басқармасының мәліметі бойынша, аумақтар зерттелген сайын құрбандар саны артуы мүмкін. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, елдің батыс, орталық және солтүстік-батысындағы 34 провинциясының он үші зардап шекті.
Нәтижесінде 147 үй, 80 шақырым жол қирап, егістік жерлер, суару жүйелері және бизнес нысандары бүлінді. Барлығы 530 отбасы зардап шекті.
Басқарманың баспасөз хатшысы Юсуф Хаммад дүйсенбі, 30 наурызда тағы да жаңбыр жаууы мүмкін екенін ескертті. Бұл шығыс және орталық аймақтарда су тасқынына әкелуі мүмкін.
Тұрғындарға өзендер мен қауіпті аймақтардан аулақ болуға кеңес берілді.
Бұған дейін Гавайидегі жойқын су тасқыны ел экономикасына 1 миллиард доллар шығын әкелгені хабарланған болатын.
Сондай-ақ сарапшылар экваторлық Тынық мұхитындағы жерүсті суларының жылынуына әкелетін Эль-Ниньо туралы айтты.






