Ауғанстанда тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді

561

0

Сурет: Zakon.kz

Ауғанстанда магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«СТӘЭ» сейсмикалық стансалар желісі 11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 06:44-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 14.2.

MPV магнитудасы: 6,5.

Тереңдігі: 10 км.

Қазақстан аумағында сезілгені жөнінде ақпарат жоқ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 272 мың адам тұратын Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан, деп жазады ТАСС.

Бірнеше минуттан кейін сол ауданда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, Гераттың оңтүстік-шығысында орналасқан Чахар Бурдж қаласында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болды.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Қазақстан Ауғанстанға 1,6 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<