Ауруханада ем алып жатқан балаларды аяз ата мен ақшақар қуантты

180

0

Фото: Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Санаулы уақыттан кейін Әлем жұртшылығы Жаңа 2025 жылды қарсы алады. Айтулы мереке қарсаңында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ерекше іс – шара ұйымдастырылды.

Аурухана басшылығының тікелей қолдауының нәтижесінде, мекемеде ем алып жатқан балақайларды Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады. Балалардың сүйікті кейіпкерлері ем алушыларға кішігірім сыйлықтар тарту етіп, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Науқастар өз кезегінде тосын сыйға тәнті болып, аурухана ұжымына алғаусыз алғыстарын жеткізді.

«Жаңа жыл мерекесін еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін асыға күтетіні рас. Әсіресе бүлдіршіндеріміз Аяз Ата мен Ақшақарды күтіп, сыйлық алғылары келеді. Сол себепті біз де науқастарымызды қуантқымыз келді, мерекелік көңіл – күй сыйлауды жоспарладық. Бүлдіршіндеріміздің қуанғанын көріп, өзіміз де марқайып қаламыз. Ауруханада қарсы алған соңғы мереке болсын, балаларымыз ауырмасын» – деді аурухананың бас дәрігері Әділбай Медетбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<