Ауыл әкімі айыппұл төлейді

795

0

Қызылорда қаласына қарасты ауыл әкімі карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова айтты.

– 8 наурыз күнгі ұжымдық шара кезінде ол медициналық бетперде тақпаған. Сондықтан ауыл әкіміне 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, – деді Д.Жаңабергенова.

Санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзудың мұндай дерегі Қармақшыдағы мектепте анықталды. Мерекелік шараға жиналғандар маска тағу керектігіне мән бермеген. Осылайша 17 адам айыппұл төлейтін болды.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<