«Ауыл аманаты» жобасы арқылы шұлық шығаратын цех ашты

227

0

Фото: Ашық дереккөз

Бүгінгі «Ауыл аманаты» айдарындағы біздің кейіпкерлеріміз Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары Аралбаевтар әулеті. Олар өздерінің алғашқы отбасылық кәсіптерін «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы ашып, шұлықтар өндіруді қолға алған.

Анасы Сәрсенкүл мен баласы Нұрболат «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы ұлттық жоба аясында өткен жылдың қараша айында 5 млн теңге көлемінде несие алып, оған соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Бүгінде цехта жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың бірнеше түрлері дайындалып, сатылымға шығарылуда.

Ашылғанымызға көп болмаса да, халықтың сұранысы арта бастады. Бүгінде цехта әзірге күніне 300-400 дана шұлық әзірлеудеміз. Ол өнімдерді өзіміздің ауылдық округта және қаламыздағы дүкендерге өткізудеміз. Сондай-ақ, базардан арнайы сауда нүктесін жалға алып, шұлықтарымызды сол жерден сатудамыз, – деді Нұрболат Әбдіраман.

Кәсіпкердің айтуынша биыл да аталмыш бағдарлама арқылы тағы да несие алып, кәсібін кеңейтпекші. Сол мақсат жүзеге асса, арнайы тігін фермасын ашуды көздеп отыр.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<