«Ауыл аманаты» жобасы қарқын алды

592

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін Шиелі ауданында тәулігіне 2 тонна қызанақ пастасын шығаратын цех ашылды.

Жеке кәсіпкер Қанат Мұсаев төрағалық ететін «Барлыбай и K» өндірістік кооперативі бұл кәсіпті қолға алуда. Жалпы жобалық құны 48 млн. теңге болатын цехтың жұмысын бастамақ болған кооператив «Ауыл аманаты» жобасы арқылы төмен пайызбен 27,6 млн. теңге қаражат алды.

Бүгінде цехта 6 адам жұмыс істейді. Жаз айларында 15 адамға дейін жұмыспен қамтып, өндірісті кеңейтуді көздеп отыр.

Аталған бағдарлама арқылы Шиелі ауданынан жалпы құны 584 млн. теңге болатын 79 жоба қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<