Ауыл амбулаториясы – сенім мен қамқорлық ордасы

10

0

Фото: Арал ауданы

Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Ауылдық жерлердегі көптеген денсаулық сақтау нысандары жаңадан салынып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, кеңес беру және профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай денсаулық сақтау нысандарының бірі Шижаға ауылында 2020 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Заманауи талаптарға сай келетін дәрігерлік амбулаторияда бірнеше бағытта ем-шаралар жүргізуге арналған бөлмелер орналасқан.

Бүгінгі таңда амбулатория ДСӘДМ-нің ақпараттық жүйесіне қосылып, ЭРДБ, ЭРСБ, РПН, БГ, ИСЛО, СКПН, РБЖФВ және АПП порталдары бойынша жұмыстар атқарылуда. КМИС порталына 2017 жылдың тамыз айынан бастап қосылған.

Білікті мамандармен қамтылған «Шижаға» дәрігерлік амбулаториясы бүгінде Шижаға, Сазды және Күршек ауылдары бойынша барлығы 2500-ге жуық тұрғынды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіп келеді.