Ауыл – Ел бесігі: Биыл Сыр өңірінде 69 жоба жүзеге асырылады

590

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы – ауылдар мен шалғайдағы елдімекендердің ажарын ашуды және ондағы тұрғындардың өмір сүру сапасын, әл-әуқатын жақсартуды бағыттайтын бірегей жоба.

Аталмыш жоба аясы Сыр өңірінде де сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы облыс көлемінде 208 жоба жүзеге асырылса, биыл 38 ауылдық елді мекендегі 69 жобаны кезең-кезеңімен іске асыру көзделіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков хабарлады.

– Өздеріңіз білетіндей, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы – ауылдарды дамытуға басымдық береді. Сәйкесінше, біздің облыста осы жобаның методикасына сәйкес келетін 58 тірек және 45 спутник елді мекен айқындалып, бүгінде онда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл жоба – ауылдарда газ және электр желілерін жүргізуге, ауыз сумен қамтуға, көшелерді жарықтандыруға, жол сапасын жақсартуға бағытталады. Бұдан бөлек, елдімекендердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау нысандары, мәдениет, спорт, білім ұйымдарын салуды көздейді. Бұл бағытта біздің облыста бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, 2023 жылы 13 әлеуметтік нысан салынып, 201 инфрақұрылымдық, 1 газбен жабдықтау, 3 ауыз сумен қамту жобалары іске асты. Осылайша, өткен жылы 208 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне табысталды. Ал, биыл 69 жобаны іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, 15 әлеуметтік нысан салуды және 54 инфрақұрылымдық жобаны жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде, облыстағы ауылдық елдімекендердің жағдайы бірнеше есеге жақсарады деген үміт бар, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<