Ауыл мектебінен NIS-ке: Бірлік Нәби

988

0

Ғылым докторы атанып, туған жердің дамуы үшін еңбек ету — бұл «Өркен» грантының иегері Бірлік Нәбидің арманы. Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылындағы №104 орта мектептің озат оқушысы жаңа оқу жылынан бастап NIS-те білім алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

«Бірінші сыныптан бастап оқу үздігі болып келемін. Әжем үнемі үлкен мектепте білім алуын керек деп армандайтын. Анам мақсатыма жету үшін барлық жағдайды жасады. Үздіксіз дайындықтың арқасында бүгінде үміттерін ақтап зияткерлік мектептің грантын жеңіп алдым. Ендігі қадам — жан-жақты ілім мен тәрбие алып, туған жердің дамуы үшін еңбек ету», — дейді жас өркен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<