Қызылордада жасалған: 21 мемлекет біздің өнімді тұтынады

499

0

Облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артып келеді. Статистикаға сәйкес, биыл облыстан 43 млн долларды құрайтын 80,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Оның ішінде күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс, қауын, қарбыз, көкөніс, қызанақ бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда 170,6 пайызды құрап отыр. Өнімдер әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған.

Ал экспорттық тауарлардың ішінде күріш өнімінің үлес салмағы басым. Ол барлық экспортталған өнімнің 87,7 пайызын құрайды. Сыр салысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталуда. Бүгінде 70,5 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 165,6 пайыз артты.

Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды және Австрия мемлекеттеріне 2539,1 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 210,6 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 126,8 тонна бидай қалдығы және Ресей мемлекетіне 280 тонна қызанақ, 2183 тонна қарбыз, 305 тонна қауын жөнелтілді. Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 229,4 тонна көкөніс өнімдері экспортталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<