Кеше Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде қала, кент және ауылдық округтерден барлығы 25 көлікке тиелген 35 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді.
Оның ішінде күріш өнімі 8 тонна, сүт өнімдері 1 тонна, ет 3,5 тонна, балық өнімдері 1 тонна, картоп және көкөніс өнімдері 20 тонна және 1 тонна Қазалы конфеті өнімдері сатылымға шығарылады.
Жәрмеңкені аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, кәсіпкерлермен және тұтынушылармен тілдесіп, ұсынылған өнімдердің сапасын көрді.
Айта кетейік, жәрмеңкедегі өнімдер нарық бағасына қарағанда 15-20 пайызға төмен болды. Сондай-ақ жәрмеңкеде балық пен ет өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Қазалы ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<