Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

9

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өткен жәрмеңкеде қала тұрғындарына аудан еңбеккерлері өндірген табиғи, экологиялық таза әрі сапалы өнімдер базар бағасынан 15-30 пайызға төмен бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеге 140 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Атап айтқанда, жоғары сұрыпты күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, асқабақ, қызылша, қызанақ, бұрыш, алма, жүзім, сондай-ақ ет және балық өнімдері тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.

Бұл жәрмеңке ауыл еңбеккерлеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға, ал қала тұрғындарына сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі