Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі хабарлады.
Мәлім болғанындай, Қожамберді ауылының 44 жастағы тұрғыны Асылбеков Абайхан 18 қыркүйекте таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.
«Үстінде қара спорттық киім болған, аяғына ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне, 8-(72435) 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<