Ауыл жастары бильярдтан сайыс ұйымдастырды

646

0

Кеше Аманкелді ауылдық округі әкімдігінің жанынан құрылған «Жалын» еріктілер штабының ұйымдастыруымен «Альбион» бильярд клубында ауыл жастары арасында бильярдтан сайыс ұйымдастырылды.

Ауыл жастары арасында байланыс орната отырып, жастардың әлеуетін арттыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздеген арнайы шараға Аманкелді ауылының 10 жасы ниет білдіріп, сайысқа қатысты.

Сайыста ойыншылар өзара 2 топқа бөлініп, топ ішінде жұптасқан түрде ойын көрсетті. Ойыннан бөлек, қатысушы жастардың пікір алмасып, әңгімелесуіне де жағдай жасалып, кофе-брейк ұйымдастырылды.

Тартысты сайыс нәтижесі бойынша Жүсіпов Сәулебек 1-орын, Абдрасилов Нұрлыбек 2-орын, және Серікбаев Бексұлтан 3-орынды еншіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Жалын» еріктілер штабының дайындаған алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарына ие болды.

Аманкелді а/о әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<